Дін мен дәстүр – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді.

Президент жиналған қауымды әз-Наурыздың бас­тауы – Көрісу күнімен құт­тықтап, қасиетті Рама­зан айында тұт­қан оразалары қабыл болуына тілек­тес­тік білдірді. Сондай-ақ Көкше жерінде өткен Ұлт­тық құрылтайдың кезекті отырысында көп­теген сал­мақты ұсыныс айтылып, қо­ғам­ды толғандырып жүр­ген маңызды мә­­­­селелер көтерілгенін атап өтті.

– Елдік істе күш біріктіру – біртұтас ұлт­­қа тән қа­сиет. Сіздер әрдайым аза­мат­тық жауап­­кершіліктің озық үлгісін көр­се­тіп жүр­сіздер. Баршаңызға зор риза­шылығым­ды білдіре­­­­­­мін. Рама­зан айы – «Ай­­лар­­­­­­­­дың сұл­таны». Осы кезде аза­мат­тарымыз игі амал­дар жа­сауға тырысады. Мұқтаж жан­дар­ға көмектеседі. Иман кел­тіріп, рухани жа­ғынан тазарады. Түп­теп кел­­генде, мұ­ның бәрі жұртымыздың ын­тымағын арт­­­­тырады. Берекелі бір­лі­гімізді бекемдей тү­седі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы озық ойлы ұлт ре­тін­де тек алға қадам басуға шақырды.

– Қазіргі бұлыңғыр, тұрақсыз әлемде хал­қымыздың тұтастығы аса маңызды. Сон­дықтан бәріміз саналы, сабырлы бо­лайық, аға­йын! Халыққа негізгі саясаты­мыз­ды дұрыс түсіндірейік. Жаппай жұртқа үл­гі болайық. Ел ішіндегі дарынды, қабі­лет­ті азаматтарға, ең алдымен, жастарға жол берейік. Біз бір ел, бір халық болып, елеу­лі өзгерістерді бірге жасап жатырмыз. Қазақстанның саяси жүйесін толық жаң­ғырт­тық. Жаңа эко­номикалық бағдары­мыз­ға сай нақты жоспарымызды жүзеге асы­­ратын болдық. Бүгінде жан-жақты ре­фор­малар өз жемісін беріп жа­тыр. Осы жол­да Ұлттық құрыл­тайдың ерекше рөл ат­қарғаны сөзсіз. Сіздердің баста­ма­ла­рыңыз көптеген мәселені уақытылы ше­шуге ықпалын тигізуде. Бұл бағыттағы жұ­­­­мыс жалғаса береді. Мен «Ана тілі» га­зетіне берген сұхбатымда еліміздің алдында тұр­ған жаңа міндеттерді атап өттім. Негізгі мақсат – баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әді­летті Қазақстанды құру. Бұл адал аза­мат­­тардың қолынан келетін іс. Адал аза­мат­қа тән қасиеттер ис­лам­ның гуманистік идея­ларымен терең астасады, – деп сабақ­тады сөзін Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев асыл дініміз хал­қымыздың бітім-бол­мысымен, таным-түсінігімен біте қайнасып жатқанына, ата-баба­лар­дан мирас болған салт-дәс­түріміз­бен сабақтас екеніне назар аударды.

– Осы қос құндылық, яғни дін мен дәс­түр – ұлттық бірегейлігіміз­дің мызғымас ті­ре­гі. Дәстүрлі ис­лам – қараңғылықтан ада, мейірім мен жасампаздықтың діні. Ұл­ты­мыздың атадан балаға жал­ғас­қан на­ным-сенімі адамгершілік құн­ды­лық­тарға не­гізделген. Солай болып қала береді. Жұр­ты­мыз ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата білуі керек. Әсіресе, жас­тардың кө­зі ашық, көкірегі ояу болғаны жөн. Олар жа­сампаздық жолымен жүруі қажет. Аға буын өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беріп отыруы керек. Жас­тарымыз барша адам­затқа ортақ құндылықтарды бойына сіңі­ріп өсуге тиіс. Ұлттық болмысымызды сақ­тай отырып, жаңашылдыққа ұмтылғаны абзал. Сонда біз үйре­нетін әрі үйрететін ұлт боламыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы ислам – таза­лық­тың діні екенін алға тар­тып, өркениетті ел болу үшін таза­лық ұғымын қоғамда терең ор­нықтыру мәселесіне тоқталды.

– Былтырдан бері елімізде «Таза Қазақ­стан» акциясы жүріп жа­тыр. Жалпыұлттық жоба жұрт­шылықтың кең қолдауына ие бол­ды. Әсіресе, жастарымыз, соның ішінде ерік­тілер ерекше белсен­ділік танытты. Ұлт­тық құрылтай мүшелері де игі іске атса­лыс­ты. «Таза Қазақстан» жай науқан емес еке­нін мен бірнеше рет айттым. Оның түпкі маз­мұны көшені, ау­ланы тазалаумен шек­тел­мейді. Бұл – ұлттық болмысы­мызға қа­ты­сы бар мәселе, тұтас еліміздің кел­бетін өзгер­тетін бас­тама, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сөзін қо­ры­тын­ды­лай келе, қазіргідей гео­саяси ахуал күр­де­лен­ген алмаға­йып кезеңде ынтымағы­мыз­ды нығайта түсу маңызды екенін еске салды.

– Тату елде тұрақтылық пен тыныштық бо­ла­ды. Бірлігі мықты ел өркендейді. Қа­сиет­ті Рамазан айы еліміз үшін жақсылыққа толы, шарапаты мол ай болсын. Оразада ниет еткен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді Президент.