Ауа райының қолайсыздығынан Абай облысында 27 адам қар құрсауында қалған

Қар құрсауынан 43 жүк және 30 жеңіл көлігі шығарылды.

Абай облысында қар құрсауынан 27 адам шығарылғанын Төтенше жағдайлар министрлігі telegram арнасында хабарлады.

Республикалық маңызы бар "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының жабық учаскесінде Аягөз қаласы мен Таскескен ауылы арасында автокөліктер шоғырланып қалған.

- «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ және ЖАО күштерімен қар құрсауынан 43 жүк және 30 жеңіл көлігі шығарылды. Сонымен қатар, құтқарушылар қар құрсауында қалған автокөліктерден 27 адамды, оның ішінде 7 баланы жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады, – делінген хабарламада.

Олардың мәліметінше, ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.