Коронавирустың кесірі: АҚШ федералды резерв жүйесі ставкасын нөлге дейін төмендетті
Коронавирустың кесірі: АҚШ федералды резерв жүйесі ставкасын нөлге дейін төмендетті
Фото: Интернеттен алынды
170
оқылды
АҚШ-тың федералды резерв жүйесі коронавирусқа қарсы күрестен туындаған қауіп-қатерге байланысты ставкасын төмендетті. ТАСС агенттігінің жазуынша, мұны кеше Ашық нарықтағы операциялар жөніндегі федералдық комитет мәлім етті. «Коронавирус салдары экономикалық жағдайға әсер ете береді және бұл экономикалық перспектива үшін аса қауіпті. Жағдайдың ушығуына байланысты комитет федералды қор бойынша ставканың мақсатты диапазонын 0-0,25% дейін төмендетуді жөн деп тапты» делінген хабарламада. Комитет экономиканың соңғы оқиғаларға төтеп беріп, жұмыспен қамту және баға тұрақтылығы бойынша максималды деңгейдің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізуге дайын екеніне сенімді болмайынша осыны сақтап қалады. Оның үстіне, ФРЖ көлемдік жұмсарту саясатына көшеді. Жүйе 700 млрд долларға қосымша облигациялар сатып алады. Айта кетейік, оның 50 млрд доллары – АҚШ қазына қағаздарына тиесілі.