Ақтөбе облысындағы ауылға су басу қаупі төнді

Бұл аймаққа әскери бөлімнің күштері, ТЖМ бөлімшесі және арнайы техника жұмылдырылды.

Ақтөбе облысының Ойыл ауылына су тасқыны қаупі төніп тұр, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Тengrinews-ке сілтеме жасап.

Бұл аймаққа әскери бөлімнің күштері, ТЖМ бөлімшесі және арнайы техника жұмылдырылды.

Ведомствоның мәліметінше, су тасқынын жою үшін елдің ТЖМ қарасты Есет батыр атындағы 20982 әскери бөлімінің сарбаздары аттанды. Аудан орталығында кезекшілік ұйымдастырылды. Ойылмен көлік қатынасы уақытша тоқтатылды.

"Бүгін таңертең (15 наурыз – ред.) Ойыл ауылында қардың қарқынды еруі салдарынан уақытша топырақ өткелінен қарғын су ағып өтті. Халыққа қауіп жоқ. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік қоры бар", – деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігі.

Ал ауыл тұрғындары болса, су басқан жолдардың видеосын бөлісуде. Олардың айтуынша, құтқарушылар резеңке етікпен су кешіп, кейбір тұрғындарды арқалап тасымалдауда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз