Джей Ло мен Шакира шоуы

Джей Ло мен Шакира шоуы

Жанкүйерлер амери­ка­­лық футболдан өткен «Су­бербоул-2020» турни­рін көп­ке дейін ұмыта ал­масы анық. Олар «Сан-Фран­циско Форти Найнерс» пен «Казнас-Сити Чифс» арасындағы фи­­­­нал­дық ойын емес, Джей Ло мен Шакираның 14 ми­нут­тық шо­уын көп күткен сы­ңай­лы. Өйткені қос әнші 14 минут ішінде 8 образ ауыс­тырып, әлемге әйгілі хит­­тарын орындады. Әсерлі шоу шымыл­ды­ғын Колумбия мақта­ны­шы Шакира ашты. Көз жауын алған киімі мен энер­гетикасы көрерменді бау­рап, елітіп әкетті. Ән­ші­нің үстіндегі киімі 2 мил­лион Swarovski тасымен безен­дірілген. Шакира ерек­ше көйлекпен She Wolf, Empire, Whenever, Wherever әнін орындады. Атақ­ты әншінің өте жақсы билейтінін ескерсек, шоу қыз­ған үстіне қыза түсті. Амазонка образын еске түсі­ретін киімі, 30 мың асыл тасы бар The Dan Life етігі мен құлаққа жағымды тембрі оның шырайын аша түсті. Сонымен қоса ол Bad Bunny-мен бірге Карди Бидің I Like It әні мен өзінің Chantaje хитін орындады. Кон­цертке келген жұрт Шаки­раның көз ілеспес қимы­лы мен әсем биіне баға беріп, таңдайын қақты. Шакирадан кейін сахна­ға шыққан Дженнифер Ло­пес 130 бишімен өнер көр­сетті. Стилистер 6 ми­нут­тық қойылым үшін 213 костюм мен 143 аяқ­киім тіккен. Байкер обра­зын­да ол әлемдік хит ән­де­рін орындады. Өзіне беріл­ген уақыт ішінде түрлі кейіп­ке еніп, талғамы биік тың­дар­манның көңілінен шық­ты. Шоу соңына таман Let's Get Loud әнін қызы Эмма­мен бірге орындады. Әнді Шакира барабанмен сүйемелдеп отырды. Соңында Шакира мен Дженнифер Лопес бірге ән салды. Шакираның киі­мі то­лықтай алтынмен, Джен­ни­фердікі 800 былғарыдан тігілген күміспен көмкеріл­ді. Let's Get Loud-ға үн қос­қан Шакира, Waka Waka-ны орындаған Джей Ло кө­рер­менін таңғалдырды. Екеуі бірге би билеп, еліне құрмет көрсетті. Жанкүйерлеріне алғыс білдіріп, қос коман­даға сәттілік тіледі. Артынша әлеуметтік желіде Леди Гага әріптесте­ріне тамсанғанын жазып, құттықтау жолдады. Ал Джей Ло мен Шакира Instagram-да бір-біріне демеу жа­сап, латынамерикалық қыз­дар­дың рухы мен аура­сын көрсете алғанына қуа­ныш­ты екенін атап өтті.   Айбике ЖАНАСЫЛ