ТЖМ құтқарушылары батпаққа батып қалған автокөлікті сүйреп шығарды

Көлікте үш адам болған екен.

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылынан 60 шақырым жерде «Шұбалан-Қарасу» автожолында құтқарушылар балшыққа батып қалған жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушыларына көмек көрсетті,  – деп хабарлайды Аikyn.kz

Арнайы техника мен сүйреу жабдығының көмегімен құтқарушылар көлікті жолдың тазартылған учаскесіне шығарды. Көліктегі үш адамға медициналық көмек қажет болмады, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз