Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында еріген қар суын сору, сондай-ақ жиналған суды бұру үшін арналар тарту бойынша алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бір тәулік ішінде ауданда 1 500 текше метрден астам су сорылды. Ал су тасқыны кезеңінің басынан бері 5 000 текше метрге жуық су сорылды.
Бұл жұмысқа Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында өзендердің басым бөлігінде су көтеріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.