Күн жылынса да, коронавирус жойылмайды – ғалым
Күн жылынса да, коронавирус жойылмайды – ғалым
Фото: Досжан Балабекұлы
142
оқылды
Ресейлік дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Борис Ревич «коронавирус күн жылыса жойылады» деген пікірді жоққа шығарды, – деп жазады Tengrinews.kz. «Ауа температурасы жоғарылағанда коронавирус жойылады деген болжам, меніңше, тек фантазия. Вирус Уханнан келді, онда желтоқсан-қаңтар айларында ауа температурасы +10 градус. Сондықтан ауа температурасының жоғарылауы вирусқа әсер етуі мүмкін емес», – деді дәрігер. Еске сала кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия  деп жариялады. Ал Қазақстанда кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бойынша төтенше жағдай жариялады. Сонымен қатар халықтың денсаулығы үшін барлық сақтың шаралары жасалатынын айтты.