Атыраулық екі әйел сот залының есігі мен микрофондарды сындырған

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Атырауда екі әйел сот залының есігі мен микрофондарды сындырып, сот ғимаратында бүлік салғаны үшін жауапқа тартылды, –  деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі мамандандырылған сотта екі әйелге қатысты істер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабы 1-бөлігі ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша қаралды.

"Сот отырысы барысында азаматша М.-ның сот залындағы компьютердің мониторын және үш микрофонын ұрып-соғып, қасақана зақымдағаны анықталды", – делінген хабарламада. 

Екі әйел де құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға әкімшілік айыппұл салынды. Сот шешімі заңды күшіне енді.