Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатының В финалдық жарысында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, бұл бағдарламада Қазақстан және Түркия құрамалары өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Түркия құрамасы бірінші орын, ал қазақстандықтар екінші орынды иеленді.
Медальдар А финалында сарапқа салынады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының сапында Денис Никиша 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз