Тасқын салдарынан судың көтерілуіне байланысты автожол жабылды

Автожолдардағы жағдай туралы ақпарат.

"ҚазАвтоЖол" Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы ақпаратпен бөлісті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Өңірде кеше сағат 20:00-де тасқын салдарынан судың көтерілуіне байланысты (ұзындығы 70 м, биіктігі 20 см) “Мариновка ауылына кіреберіс” автожолының 0-9 шақырым аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған.

2025 жылғы 17 наурызда сағат 08:00 жағдай бойынша “Мариновка ауылына кіреберіс” автожолының 0-9 көлік қозғалысына шектеу қойылған. Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 62 арнайы техника мен 108 маман жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.