Қазақстанда базарлар сағат 10 мен 18.00 аралығында ғана жұмыс істеуі мүмкін
Қазақстанда базарлар сағат 10 мен 18.00 аралығында ғана жұмыс істеуі мүмкін
Фото: Интернеттен алынды
163
оқылды
Президенттің елде төтенше жағдай жариялауына және халықтың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі бірқатар шараларды қабылдау жөнінде ресми хабарлама жасады. «Біріншіден, ірі сауда нысандары таңғы сағат 10-нан кешкі 18:00 дейін ғана жұмыс істегені жөн. Осы аралықта санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс. Сауда орталығының аумағындағы кинотеатр, балалар орталығы, кез келген ойын-сауық алаңдары жабылады. Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер және азық-түлік базарлары қалыпты режимде жұмыс істей береді. Тек санитарлық дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. Нан және кондитер өнімдерін сырты қапталған күйінше сатқан дұрыс. Екіншіден, азық-түлік сатпайтын базарлар таңғы 11:00-ден кешкі 17:00-ге дейін ғана жұмыс істегені дұрыс» делінген хабарламада. Министрлік санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі басқа да ресми мәлімдемесін кейінірек қосымша хабарлаймыз.