Продюсер Баян Мақсатқызы Дана Нұржігітке берген сұхбатында Халық әртісі Мақпал Жүнісова туралы кино түсіргісі келетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Продюсер мұндай ұсынысты он жыл бұрын әншіге айтқан. Алайда Мақпал Жүнісова бұдан бас тартқан екен. Баян Мақсатқызы Мақпал Жүнісоваға өмірі туралы кітап жазуды да ұсыныпты. Продюсер бұл көпшілік іздеп жүріп оқитын туынды болар еді деп есептейді.
Әлеуметтік желіде «Баян түсіремін деп тұрғанда, шынымен әңгімелеріңізді жазып бергіңіз келмей ме?» деген оқырман сұрағын Халық әртісі жауапсыз қалдырмады.
«Баянға рақмет. Мен әлі оған дайын емеспін. Менің ешкімге ашпаған сырларымнан өзім де осы күнге шейін шошып оянамын. Халықтың да, жанкүйерлерімнің де жүрегін ауыртқым келмейді. Бастан өткен оқиғаларға көнген де, сенген де, төзген де өзім. Шындығын ашсаң, тағы да болмайды, көбі марқұм боп кетті. Қалған ғұмырымда жалғандық болмаса екен деп армандаймын», – деді Халық әртісі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.