Нұрлан Нығматулин: Төтенше жағдай енгізу – халықтың қауіпсіздігі үшін өте қажет
Нұрлан Нығматулин: Төтенше жағдай енгізу – халықтың қауіпсіздігі үшін өте қажет
Фото: Интернеттен алынды
124
оқылды
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Президенттің Қазақстанда төтенше жағдай енгізуін – қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту үшін қажетті шара деп айтты. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Мемлекет басшысының қолға алған шаралары коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеуге бағытталған. Нұрлан Нығматулин Twitter-дегі парақшасында: «Президенттің бастамасымен Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ел басшылығы тарапынан қабылданған кешенді шаралар азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған. Уақытша шектеу елімізде короновирустың таралуына жол бермеу үшін қажет», – деп жазды. Мәжіліс төрағасының айтуынша, жағдай бақылауға алынған, алаңдауға негіз жоқ. Нұрлан Нығматулин қазақстандықтар өз денсаулығына барынша мән беріп, айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды сақтай отырып қазіргі жағдайға жоғары жауапкершілікпен қарайды деп сенім білдірді.