Астанада әйелдің қолын қамыр илейтін аппарат қысып қалған

Оқиға Сарыарқа ауданында болды.

Астананың Сарыарқа ауданында 1983 жылы туған әйелдің қолын қамыр илейтін аппарат қысып қалып, шығара алмай қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен зардап шеккен жұмысшының қолын босатып, оны жедел жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырған.

- ТЖМ қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы еске салады, - деп жазылған хабарламада

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз