Атыраулық келіншек кәмелетке толмаған екі баласын өлтірді деген күдікке ілінді

Балалардың өліміне күдікті ретінде анасы ұсталды.

23 наурызда Қандыағаш қаласында 3 және 11 жастағы  балалардың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Алдын ала мәліметтер бойынша, ол босанғаннан кейін күйзелісте болған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.

Балалардың өліміне күдікті ретінде анасы ұсталды. Әйел – Атырау облысының тұрғыны.

Тергеу жұмыстарын полиция басшылығы өз бақылауына алды.