Қар көшкіні жүруі мүмкін: ШҚО-да жол жабылды

Қар көшкіні жүруі мүмкін: ШҚО-да жол жабылды
Көлік қозғалысына тыйым салынды.

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде көліктің барлық түріне қозғалысқа тыйым салынды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың біріне қар көшкіні түсуі ықтимал.

- Қатонқарағай ауданындағы жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолының 1-25 шақырымында 25 наурыз сағат 08.00-ге дейін автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды. Сондықтан көлік жүргізушілерінен өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, – делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Еске салсақ, бұған дейін еріген қар суының салдарынан 3 облыста жол жабылғаны хабарланған.