Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шыққан отбасы жоғалып кеткен

Олардың туыстары дабыл қағып, құтқарушылардан көмек сұрады.

Алматы облысы Балқаш ауданы Миялы ауылынан 20 шақырым жерде алты адамнан тұратын отбасы жеңіл көлікпен саңырауқұлақ теруге шығып, қайтып оралмаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жоғалғандардың туыстары дабыл қағып, құтқарушылардан көмек сұрады.

– ТЖМ іздестіру тобы жоғалған отбасын тапты. Олар асуда батпаққа батып, қозғала алмай қалған, – делінген хабарламада. 

ТЖМ өкілдері әрдайым өз жоспарларыңыз жайлы жақындарыңызға хабарлап отыруға және табиғат аясында абай болуға кеңес береді.