Қар аралас жаңбыр жауады: алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Қар аралас жаңбыр жауады: алдағы үш күнге ауа райы болжамы
Кейбір өңірлерде тұман мен жел күшейеді.

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге күн райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері елдің басым бөлігін қамтитын антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тек республиканың оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына циклон әсер етіп, бұл өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Кейбір өңірлерде тұман мен жел күшейеді.

Температуралық фон:

Елдің батысында негізгі температура түнде 5 аяз + 5 жылу, күндіз +10+18 жылы болады.

Солтүстік-батыста температураның негізгі фоны түнде 0-10 аяз, күндіз +7+15 жылы болады.

Солтүстікте температура түнде 0-10 аяз, күндіз +5+13 жылы болады.

Елдің орталығында түнде температураның 2-14 аяздан -7 аязға дейін +1 жылу, күндіз +5+10 жылы болып, +10+15 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Шығыста түнгі температура 5-25-тен 0-15-ке дейін, күндіз 0-10-дан +5+15-ке дейін көтеріледі.

Оңтүстік аймақтарда түнде температура 5 аяз-5 жылы болып, күндіз +5+13 жылы болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.