«Сіздер – менің барымсыздар...»: Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

«Сіздер – менің барымсыздар...»: Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады
Өнер иесі концерттердің бірінде сөз сөйлеп, халыққа алғыс білдірді.

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова көрермен алдында кешірім сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі концерттердің бірінде сөз сөйлеп, халыққа алғыс білдірді. 

"Сіздермен ғана менің мерекем. Сіздер – менің барымсыздар, сіздерге басымды иемін. Аман болыңыздар! Сіздер жоқ болсаңыздар әнді кімге айтамыз?! Анда-санда қуып кетсем, кешіре беріңіздер. Күйеуге шығуға жас емеспіз. 60-тан асып кеттік. Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз. Өздеріңіз еркелетесіздер, у берсеңіздер де, су берсеңіздер де өздеріңіз білесіздер", – деді Мақпал Жүнісова.

Әнші Наурыз мерекесінде тыңдармандарымен жүздесе алмауына не себеп болғанын айтты.

“Жолдың бәрін қазып тастаған соң халықтың ішіне кіруге мүмкіндік болмады. Күзетте тұрған жігіттер де бізге көрерменді жолатпады. Түркістан қаласында өткен концерт керемет болды. Халық өте көп жиналды. Тыңдарман қауымнан кешірім сұраймын. Менің менсінбей кеткен ештеңем жоқ”, – деді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.