"Қаншама қариялар мыңдаған ақшаға алданып жүр": әнші Бүркіттің анасы алаяқтардың құрығына түсе жаздады

"Қаншама қариялар мыңдаған ақшаға алданып жүр": әнші Бүркіттің анасы алаяқтардың құрығына түсе жаздады
Алаяқтар сақтандыру компаниясының қызметкері ретінде хабарласқан.

Әнші Бүркіттің анасы телефон арқылы алаяқтардың құрығына түсе жаздаған. Ол бұл туралы Instagram парақшасында жариялады.

Әншінің айтуынша, алаяқтар сақтандыру компаниясының қызметкері ретінде хабарласқан.

- Аңқау болмаңыздар! Айтайын дегенім, жақында мамамның телефонына бір қыз хабарласты. Біз мамамның жанында отыр едік. Бір кезде, ол сәлемдесіп, сақтандыру кампаниясынан хабарласып тұрмын деді. Мен түсіндім кім екенін. Мамамның телефонын алып, мен сөйлесейін дегенде, ол қыз трубканы қоя салды, – дейді Айбек Жансейітов.

Оның айтуынша, талай қариялар алаяқтарға алданып жатыр.

- Біз қанша рет түсіндіріп айтамыз, ол алаяқтар деп. Осылай қоңырау шалып, өтірік бір витаминдерді қымбат дәрі ретінде сенгіш зейнеткерлерге сатады. Ұятсыздар! Қаншама қариялар, мыңдаған ақшаға алданып жүр. Алдап жүргендерге айтарым: Аллаһ сендерді….. Жарайды, айтпаймын мен ондайды. Әркім өз тағдырының қожайыны, – деді ол.