Қазақстан құрамасының спортшысы Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші орын алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Алтын медаль үшін болған белдесуде Ризабек Айтмұхан жапондық Араш Йошидаға 1:7 есебімен есе жіберді.
Осылайша Қазақстан құрамасы жарыстың бірінші күнін екі медальмен аяқтады. Бұған дейін 57 келіге дейінгі салмақта Рахат Қалжан қола медаль жеңіп алған болатын. 30 наурызда қалған бес салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз