Қызылордада ТЖМ қызметкерлері тар жерге қыстырылып қалған итті құтқарды

Оқиға куәгерлері дереу құтқару қызметіне хабар берген.

Қызылорда қаласындағы Төле би көшесінде орналасқан тұрғын үй ауласында темір гараждардың арасына ит қыстырылып қалған,  – деп хабарлайды Аikyn.kz

ТЖМ дерегінше, оқиға куәгерлері дереу құтқару қызметіне хабар берген. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары гидравликалық құралдың көмегімен итті тар жерден аман-есен шығарып алды.

- Құтқару сәтін бақылап тұрған тұрғындар құтқарушылардың әрекетіне ризашылық танытып, қол шапалақтап алғыстарын білдірді, - деп жазылған хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз