Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионатының финалына шықты

Кешке финалда Нұрқожа қырғыз балуаны Орозбек Токмамбетовпен бас жүлдені сарапқа салады.

Еркін күрестен Ұлттық құраманың балуаны Нұрқожа Қайпанов 74 келі дейінгі салмақта Иорданиядағы Азия чемпионатының ақтық сынына шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz. 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, ол жартылай финалда ирандық боз кілем шеберін айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 6-1. 

Кешке финалда Нұрқожа қырғыз балуаны Орозбек Токмамбетовпен бас жүлдені сарапқа салады. 

Еске сала кетейік, Нұрқожа осыған дейін 3 рет сары құрлық чемпионатының финалына шығып, 2 рет алтыннан алқа таққан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.