Қасым-Жомарт Тоқаев Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды Ақордада қарсы алды

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президентін «Ақорда» резиденциясында салтанатты түрде күтіп алды.

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті,  деп хабарлайды  Аikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды,  делінген ресми хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.