Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды

Қазақстан аумағында бұл жер сілкінісінің дүмпулері сезілмеген.

31 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 12.25-те Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі мәлімдеді.

Зілзаланың эпицентрі Алматыдан 178 шақырым оңтүстік-батысқа қарай және Бішкектен 51 шақырым қашықтықта орналасқан. ​

Қазақстан аумағында бұл жер сілкінісінің дүмпулері сезілмеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.