Павлодар облысында әже мен оның немерелері құтқарылды

Өрттің жалпы алаңы 60 шаршы метрді құрады.

Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданымен аттас ауылда әже мен оның немерелері өрттен құтқарылды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, жеке тұрғын үйдің біріне жапсарлас салынған жазғы асүй өртенген. Ағаш ғимарат пен негізгі ғимараттың төбесі отқа оранып, өрттің жалпы алаңы 60 шаршы метрді құрады. 

–  Өрт сөндірушілердің батыл әрекеттерінің арқасында үйдің терезесі арқылы үш адам құтқарылды: 1954 жылы туған әйел және оның 2017 және 2020 жылы туған екі немересі. 

Сондай-ақ өрт салдарынан 2009 жылы туған бала ауруханаға жеткізілді. Оны дәрігерлер қарап, үйге жіберілді, –  делінген ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.