Астана қаласы AMANAT партиясы Әйелдер қанатының мүшелері «Балаңа уақыт арна» атты акция өткізді. Оның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту.
«Бүгінгі шараға 100-ден астам астаналық отбасы қатысты. Ең қуаныштысы – бұл жолы тек аналар ғана емес, әкелердің де белсенділігі ерекше байқалды!» – деп бөлісті Астана қалалық Әйелдер қанатының төрайымы Салтанат Дженалаева.
Балалар мен ата-аналар үшін ең басты сый – елорданың ірі сауда-ойын-сауық орталығындағы кинотеатрға шақыру болды. Көптеген отбасы алғаш рет бір жерде жиналып, бос уақытын бірге өткізді.
«Отбасы – қоғамның тірегі. Балалармен уақыт өткізу, ортақ қызығушылықтарды табу және бірге жарқын естеліктер жасау өте маңызды. Осындай іс-шаралар бізге күнделікті қарбалас өмірдің арасында ең жақын жандарға көңіл бөлу керектігін еске салады», – деді С.Дженалаева.
Әйелдер қанатының төрайымы әріптестеріне және тең төрағалары Гүлжамал Жапарова, Ляззат Разбекова, Динара Байсеркина, Динара Уразалина, Мадина Ажикенова, Алтыншаш Табулдина, Сауле Самидин, Айгүл Рахимжанова сынды әріптестеріне, сондай-ақ осы бастаманы қолдаған барлық азаматтарға алғысын білдірді.
Оның айтуынша, отбасылық құндылықтарды нығайту бағытындағы жұмыс жалғасын табады. Ал мұндай шаралар игі дәстүрге айналып үлгерді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.