Әнші Қайрат Нұртас сұхбаттарының бірінде танымал болуының отбасына әсері туралы айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
«Олар Қайрат Нұртастың ата-анасы болғанына кінәлі емес қой. Менің екі інім кінәлі емес қой, Қайрат Нұртастың інісі болғанына. Бала-шағам кінәлі емес қой, Қайрат Нұртастың отбасы болғанына. Олар күнде банан жейді, олар күнде ананас жейді. Әрқайсысының астында машина бар, Аллаға шүкір. Оның бәрін істеп жатқан мен. Олар мойындайды», - дейді Қайрат Нұртас.
Желі қолданушылары әншінің бұл сөзін сынға алды.
«Жап-жақсы әнші еді, әңгімесі төмендеп кетіпті», «Мен де күнде банан мен ананас алып жеймін. Мен де Қайрат Нұртаспын ба?», «Біз де күнде банан жейміз Қайрат Нұртас болмасақ та», - деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от НУМЕРОЛОГ | ПСИХОАНАЛИЗ | ЛИЛА (@numerolog.ainura)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.