Қазақстан мен Словения президенттері Астана халықаралық қаржы орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусармен бірге Астана халықаралық қаржы орталығының қызметінің негізгі бағыттарымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді.

  • Қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция – 14,4 млрд доллар: – 7,1 миллиард – Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар; – 7,3 миллиард – АХҚО қатысушыларының инвестициялары. Қаржы орталығында әлемнің 80-нен астам елінен 3 700-ге жуық компания тіркелген.

Мемлекеттер басшыларына прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – АХҚО Сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.