Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Өзбекстанға барады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Самарқандта Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізеді.

Еске сала кетейік, 29 наурызда Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевпен Алматыда бейресми кездесу өткізген болатын.

Кездесуде тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, энергетикалық, су шаруашылығы, өнеркәсіп кооперациясы және туризм салаларындағы өзара ықпалдастықтың перспективасын жан-жақты талқылап, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.