Үйдің тұрғыны құтқарушыларға хабарласып, көршісі есікті ашпайтынын және телефонға жауап бермейтінін айтты. Оқиға Жезқазған қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері пәтердің есігін ашуға тырысқанымен аша алмаған. Кейін олар торды алып тастап, пәтерге терезеден кірді. Құтқарушылар әженің зардап шекпегеніне көз жеткізіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне есікті ішінен ашқан.
- Пәтерде 1938 жылы туған әжей болды, ол денсаулығына байланысты есікті өздігінен аша алмаған, – делінген ТЖМ ақпаратында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.