БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында 700-дей науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды. Бұл кемшілікті арнайы тексеріс жүргізген аудандық прокуратура анықтады.

Түрлі диагнозбен есепте тұрған азаматтар өздеріне тиесілі препараттарға қол жеткізе алмаған. Тек құзырлы орган өкілдерінің араласуынан кейін тұрғындардың құқығы қорғалып, дәрі-дәрмекке алдын ала тапсырыс берілген.
БҚО прокурорының аға көмекшісі Ернат Мақсотовтың айтуынша, бөлінген ақша жетпей қалған. Сол себепті 700-дей адам дәрі-дәрмекті уақытылы алмаған Ал прокуратураның қадағалау актісінен кейін аудандық аурухана денсаулық сақтау басқармасынан ақшалай қаражат сұратқан болатын. Қазір азаматтарға дәрі-дәрмек толықтай жеткізілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.