– Тіркеу мерзімінің аяқталуына небәрі 4 күн қалды. Қазір Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына күніне 500-ге тарта мопед иесінен өтініш түседі. Сондықтан кезек көп. Егер ерте бастан қамданса, бұлай сарылып кезек күтіп тұрмас еді, – дейді мамандар.
Өзімен бірге жеке басты куәландыратын құжат, мопедтің техникалық сипаттамасы туралы мәліметті алып келуі керек. Өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізіп мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз