Жұмысшы әйелдер құрметке лайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Осы орайда «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы облыстық Жұмысшы әйелдер форумын ұйымдастырды.

Оған әр салада еңбек етіп жүрген жұ­мыс­шы әйелдер қауымы қатысты. Мұн­да­ғы мақсат – тұрғындар арасында ең­бек ада­мының беделін биіктету, соның ішін­де ер-азаматтармен қатар жүйелі жұ­мыс іс­теп жүрген әйелдердің  қалтқы­сыз қыз­ме­тін ұлықтау.

Іс-шараға қатысушылар өз еңбек жо­лы, мамандық таңдауы, отбасының қол­дауы, өмірде кездескен қиындық­тары, кә­сіп игеру қадамдары туралы айт­ты. Сон­дай-ақ форум жұмысы ая­сын­­да өңір­дің экономика, ауыл шаруа­шы­лығы және өн­діріс салала­ры­ның да­муына үлес қо­сып, тұрғындарды жұ­­мыспен қамтып келе жатқан мекеме бас­­­­шыларының еңбегі ескерілді.

«Сіздер тұрақты жұмыс орындарын құ­­рып, өңір дамуына өлшеусіз үлес қо­сып ке­лесіздер. Осы орайда Өздеріңізге әр қызметкерге жіті көңіл бөліп, қам­қор­­лық жасап жатқандарыңыз үшін ай­­рықша ал­ғы­сымды білдіремін. Алда­ғы уақытта да ты­ғыз жұмыс істеп, бай­ла­­ны­сы­мызды ны­ғайта түсеміз деген се­­нім­де­мін», – деді «AMANAT» партия­сы Ба­тыс Қазақстан об­лыстық филиа­лы­ның ат­қарушы хатшы­сы Азамат Сафималиев. 

Сөз соңында ол жұмысшы маман­дық­­тар­ды игеріп, еселі еңбек етіп жүрген әйел­­дер қауымына алғысхат табыстады. Со­­нымен қатар тұрғындарды жұмыспен қам­­тып, өңірдің экономикалық, аграр­лық жағ­дайын жақсарту ісіне үлес қосып отыр­ған әйел басшылар да дәл осындай мара­патқа ие болды.