«Жайық» – чемпион! 27 жылдан кейінгі тарихи жеңіс

Бұған дейін 1998 жылы “Жайық-Конденсат” командасы ел чемпионы атанған болатын.

Волейболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының XXXIII маусымы аясында ерлер арасындағы Ұлттық лиганың финалдық кезеңі аяқталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Финалдық кездесулер нәтижесінде “ЖАЙЫҚ” волейбол клубы шешуші ойында Ақтөбе командасын 3:1 есебімен жеңіп, Ұлттық лиганың чемпионы атанды!

Чемпиондық тұғыр:

  • 1-орын - “ЖАЙЫҚ” ВК (Батыс Қазақстан облысы)
  • 2-орын - “Ақтөбе” ВК (Ақтөбе облысы)
  • 3-орын - “Атырау” ВК (Атырау облысы)

Араға 27 жыл салып, “ЖАЙЫҚ” өз тарихындағы чемпиондық атағын қайта жаңғыртты! Бұған дейін 1998 жылы “Жайық-Конденсат” командасы ел чемпионы атанған болатын.

Бұл жеңіс – табандылықтың, қажырлы еңбектің және қайсар рухтың жемісі! Команда жанкүйерлердің зор қолдауын сезіне отырып, соңына дейін күресіп, мақсатына жетті.