Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

5 сәуірде республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, шығысында, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда –жауын-шашын, кейде нөсер жауын жауады. Нөсер жаңбыр 6-7 сәуірде елдің батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында болады деп болжанып отыр. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі, 5 сәуірде түнгі уақытта солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Температуралық фон:

Елдің батысында түнде 3-8-ден 5-12-ге дейін, күндіз негізгі фон 15-22-ге дейін көтеріледі.

Оңтүстік-батыста температураның ауытқуы түнде 5-10-дан 8-13-ке дейін, күндіз 17-25-тен 12-20-ға дейін болады.

Солтүстік-батыста түнде температураның жоғарылауы 3 аяздан-3 жылудан 2-13 жылуға дейін, күндіз 13-20-дан 10-18-ге дейін аздап төмендейді.

Солтүстікте температура түнде 5 аяздан - 3 жылудан 0-7 жылуға дейін көтеріледі, күндіз 8-15-тен 13-20 жылуға дейін біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде.

Еліміздің орталығында түнде 5 аяздан - 2 жылудан 2-10-ға дейін, күндіз 8-15-тен 10-20-ға дейін аздап жоғарылайды.

Шығыста түнгі температура 2-7 жылудан 1-8 аязға дейін төмендейді, ал күндізгі сағаттар 5-12 жылудан 13-20 жылуға дейін көтеріледі.

Оңтүстікте түнде 5-13-тен 10-17-ге дейін, күндіз 18-25-тен 17-28-ге дейін жылу көтеріледі деп болжанады.

Оңтүстік-шығыста түнде 3-12 жылу, күндіз 10-22-ден 15-28-ге дейін жылу болады деп болжанады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.