Каспийде аққулар қырылып жатыр

Каспийде аққулар қырылып жатыр
Осыған байланысты Маңғыстау облысының Экология департаментінің мамандары судан сынама алған.

4А ықшамаудандағы теңіз жағалауынан бірнеше құстың өлексесі табылған. 3 сәуірде экология мамандар теңіз суынан сынама алу жұмыстарын жүргізді. Оның нәтижелері қосымша жарияланады.

Әлеуметтік желіде ақтаулықтар қала жағалауында өлген немесе әлсіреген аққулар туралы жиі хабарлап отырады.

AMP

Бұған дейін 4А ықшамаудандағы жағалауда демалушылар құстардың өлу оқиғасын тіркеген болатын. Осыдан кейін Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті 20 наурыздағы теңіз суын зерттеу хаттамасына сәйкес ластаушы заттар табылмағанын хабарлады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз