Төтенше жағдайлар департаменті ювеналдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар сондай-ақ еріктілер жұмылып, бірге түсіндіру жұмыстарын атқарды.
«Елордадағы 40-тан астам балабақшада балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу мақсатында ақпараттық-түсіндіру және алдын алу шаралары жүргізіліп, тұрмыстық қауіпсіздік бойынша сабақтар ойын түрінде ұйымдастырылды. Ата-аналарға да түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – делінген хабарламада.
Балалардың жарақат алу жағдайларын азайтудың негізгі қауіпсіздік ережелері:
— үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өміріндегі соңғы сәтке айналуы немесе оны мәңгілік мүгедек етуі мүмкін, оған бірнеше секунд жеткілікті;
— балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнаған кезде;
— тиісті терезе қорғанысынсыз москит торларын пайдаланбаңыз
— балалар оған сүйенгенді ұнатады, оларды сенімді тірек ретінде қабылдап құлап кетуі мүмкін;
— балалардың терезені өздігінен ашуына жол бермеу үшін терезелерге қауіпсіздік құлыптарын (блокаторларды) орнату;
— бала терезеге шықпас үшін жиһазды терезеге жақын қоймаңыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз