Қазақстандық боксшы Жазира Орақбаева Бразилияның Фос-ду-Игуасуда өтіп жатқан Әлем кубогының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, боксымыз 51 келіге дейінгі салмақтың финалдық бәсекесінде италиялық Элен Лусия Аяримен кездесуі керек еді. Алайда Италия спортшысы жекпе-жектен бас тартқаны белгілі болды.
Осылайша, Жазира Орақбаева (51 келіге дейін) Әлем кубогының кезеңін алтын медальмен аяқтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз