Наразылық шаралары Құрама Штаттардың бірнеше қаласында өтті. Вашингтонның өзінде 20 мыңға жуық белсенді жиналды. Шерушілер Трамптың жүргізіп отырған саясатынан мыңдаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылғанына, тұтас агенттіктер жабылып, мигранттардың жаппай депортацияға ұшырап жатқанына наразы.
Рейтердің мәліметінше, қарсылық акциялары Париж, Рим және Лондонда өткен. Ереуілдер жақын күндері Мексика мен Канадада да басталуы мүмкін.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз