Халықаралық шаралардан соң халық алаңды жинап кетті

Халықаралық шаралардан соң халық алаңды жинап кетті
Астанадағы «Battle of the brave» халықаралық бокс кешінен кейін еріктілер спорт кешеніндегі қоқысты жинап, қоғамдық орынның тазалығы үшін атсалысты.

Сондай-ақ Ақтауда өткен «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» салтанатты шарасын тамашалауға 100 мыңға жуық көрермен жиналды.

Концерттен кейін қала тұрғындары ауызбіршілік танытып, концерт өткен алаң мен жағалау маңын бірге тазалап, коммуналдық қызметкерлерге көмектесті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз