Ресми мерекелер болмағанымен, сәуір айы еңбек ұжымдарында дәстүрлі түрде атап өтілетін кәсіби және символдық даталарға толы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес, сәуірде мына күндер атап өтіледі:
- 6 сәуір (сәуірдің бірінші жексенбісі) — Геолог күні;
- 12 сәуір — Ғылым қызметкерлері күні;
- 15 сәуір — Ұлттық ғашықтар күні;
- 21 сәуір — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің күні.
Бұл даталар мереке емес, бірақ кейбір ұйымдарда арнайы іс-шаралар өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз