Құтқарушылар Ақмола облысындағы су тасқынын алдын алу жұмыстарын жүргізуде

Құтқарушылар Ақмола облысындағы су тасқынын алдын алу жұмыстарын жүргізуде
Ормандағы қардың белсенді еруіне байланысты бөгеттен су жүру қаупі төніпті.

Құтқарушылар Ақмола облысындағы су тасқынын алдын алу жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Аikyn.kz

ТЖМ мәліметіне сәйкес, Ақмола облысы Біржан сал ауданы Макинка ауылының маңындағы аттас бөгетте Бурабай ауданы мен Біржан сал ауданы ормандарында қардың белсенді еруіне байланысты бөгеттен су жүру қаупі төнді.

- Жергілікті жерде Ақмола облысы мен Астана қаласының ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеуде. Атап айтқанда өнімділігі жоғары 2 өрт-сорғы станциясы іске қосылды. Жағдай ТЖМ бақылауында. Ақмола облысының, Астана қаласының құтқарушылары, ЖАО және "Қазавтожол" қызметкерлері жұмылдырылды, – деп жазылған хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз