«Хоккей, каратэ, бадминтон»: Қазақстан спортшылары қатысатын жарыстар кестесі жарияланды

«Хоккей, каратэ, бадминтон»: Қазақстан спортшылары қатысатын жарыстар кестесі жарияланды
7-13 сәуір аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі жарияланды.

7-13 сәуір аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі жарияланды, – деп хабарлайды Аikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

7-12 сәуір – Сурдо жүзуден Қазақстан чемпионаты
Жарысқа 13 өңірден 152 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Павлодар қаласы.

7-13 сәуір – Пара жүзуден «Фудзи Шизуока» Әлемдік сериясы
Қазақстан құрамасынан 5 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Фудзи қаласы, Жапония.

8-13 сәуір – Бадминтоннан BWF Азия чемпионаты
Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Нинбо қаласы, Қытай.

8-13 сәуір – Таэквондодан (I.T.F.) барлық жас санатындағы Азия кубогы
Сары құрлық додасына 28 елден 800 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 368 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Шымкент қаласы.

8-15 сәуір – Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IB дивизионының әлем чемпионаты
Жаһандық додаға Қазақстан әйелдер құрамасы да қатысады.
Өтетін орны: Дамфрис қаласы, Ұлыбритания.

10-14 сәуір – Каратэ WKF-тен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты
Ішкі біріншілікке еліміздің 18 өңірінен 500 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ақтау қаласы.

11-12 сәуір – Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан кубогы
15 өңірден 500 спортшы жарыс жолына шығады.
Өтетін орны: Қарағанды қаласы.

11-13 сәуір – Синхронды жүзуден әлем кубогы кезеңі
Қазақстан құрамасынан 6 спортшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Сомабай қаласы, Мысыр.

13-17 сәуір – Спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Азия және Мұхит елдері чемпионаты
Жарысқа ел құрамасынан 90 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.

13-19 сәуір – Жеңіл атлетикадан (U18) VI Азия чемпионаты
Қазақстан құрамасынан 10 спортшы жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Даммам қаласы, Сауд Арабиясы.

13-22 сәуір – Стенд атудан әлем кубогы
Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.

13-22 сәуір – Нысана көздеуден әлем кубогы
Отандық 14 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.