Абай облысында полицейлер көпірден секірмек болған азаматты құтқарды

Абай облысында полицейлер көпірден секірмек болған азаматты құтқарды
Куәгерлер көпір үстінде бір жігіттің секіруге оқталғанын байқап, дереу полицияға хабар берген.

4 сәуір күні Абай облысында патрульдік полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған 25 жастағы азаматты аман алып қалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Куәгерлер көпір үстінде бір жігіттің секіруге оқталғанын байқап, дереу полицияға хабар берген.

Polisia.kz дерегінше, оқиға орнына жеткен полицейлер Нұржан Оралтаев пен Нұрсұлтан Айып азаматпен тілдесіп, назарын басқа жаққа бұрып, әрекетке көшуге мүмкіндік бермеген. Осы сәтте басқа қызметкерлер жол қозғалысын бақылауға алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

 

Полиция қызметкерлері ер адамды қолынан ұстап, қауіпсіз аймаққа алып шықты. Жедел әрекеттің нәтижесінде азамат аман қалды. Ол медициналық мекемеге жеткізілді.


Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз