Алматы қаласындағы жеке Шоқан Уәлиханов атындағы Shoqan School мектебінің үш бірдей оқушысы әлемнің үздік жоғары оқу орындарына — Гарвард университеті мен Калифорния университеті, Беркли кампусына — толық грантпен оқуға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл жетістік мектепте жүзеге асырылып жатқан ерекше Менторлық бағдарламаның арқасында мүмкін болды. Аталған бағдарлама мектептің негізін қалаушылар — қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев пен эколог Әсел Тасмағамбетованың бастамасымен жасалған.
Сабыржан Арман Гарвард университетінің компьютерлік инженерия мамандығына толық грантпен қабылданды. Оспан Томирис — Гарвард университетінің экономика факультетіне түссе, Жандильдаева Камилла UC Berkeley университетінің жоғары бәсекеге қабілетті Management, Entrepreneurship, and Technology (MET) бағдарламасына қабылданды. Айта кетейік, биыл бұл бағдарламаға 127 000 үміткер өтініш беріп, бар болғаны 200 студент қабылданған. Сонымен қатар, Shoqan School түлегі Аружан Асыл Ұлыбританиядағы University College London (UCL) университетінің беделді Foundation дайындық бағдарламасына оқуға түсті.
Shoqan School-дың Менторлық бағдарламасының нәтижелері еліміз үшін үлкен жетістік болып отыр. Себебі, 2025 жылдың басында қазақстандық БАҚ сұрауына жауап берген “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ мәліметінше, “Болашақ” бағдарламасы аясында Гарвард университетінде барлығы 20 қазақстандық магистратураны аяқтаған. Ал бакалавриат деңгейінде тек екі студент қана оқыған.
Shoqan School мектебін 2020 жылы ашқаннан бері, оның негізін қалаушылар – Әсел Тасмағамбетова мен Кенес Ракишев – дарынды оқушыларға жалпы сомасы 173 миллион теңгеден астам стипендия тағайындап, қаржылай қолдау көрсетіп келеді.
Ал Shoqan School түлегі әлемнің ТОП-10 университеттерінің біріне оқуға түссе, мектептің негізін қалаушылар оның оқу ақысын жеке қаражатынан толықтай төлейтіндерін мәлімдеген. Осы мақсатта, 2023 жылы Қазақстан мен Орталық Азияда тұңғыш рет Shoqan School Менторлық бағдарламасы іске қосылды.
Shoqan School-дың менторлық бағдарламасы дарынды оқушыларды жетекші шетелдік университеттерге дайындауға бағытталған. Оқушылар бірнеше кезеңнен тұратын қатаң іріктеуден өтіп, SAT және TOEFL емтихандарына терең дайындықтан өтеді, академиялық эссе жазуға машықтанады, резюме мен портфолио жасақтауға жеке қолдау алады. Сонымен қатар, олар Гарвард, MIT және Браун университеттерінің жазғы бағдарламаларына қатыса отырып, академиялық ортада білім алуға дағдыланады.
Бағдарламаның маңызды кезеңдерінің бірі – оқушылардың Гарвард университетіндегі 8 апталық жазғы мектепке қатысуы болды. Бұл мүмкіндікті де Shoqan School негізін қалаушылар қаржыландырды. Қорытынды кезеңде әр оқушы әлемнің үздік 20 университетіне құжат тапсырып, арнайы дайындықтан өтеді. Әрбір оқушыға 6–8 ментордан тұратын жеке команда қолдау көрсетіп, эссе жазу, сұхбатқа дайындалу және кәсіби даму бағытында көмек береді.
Shoqan School бұл бағдарламаны Ұлыбританиядағы беделді Luminary Education консалтинг агенттігімен бірлесіп жүзеге асырып келеді. Мектеп ашылған күннен бастап, дараланған білім беру моделін ұстанып, әр оқушының қабілеті мен мақсатына сай жеке білім беру траекториясын қалыптастыруды көздейді.
— «Білім берудегі дараландыру — әр баланың ерекшелігін ескеретін тиімді тәсіл. Екі жыл бұрын біз бұл жүйені пилоттық режимде енгіздік. Бүгінде сол жүйенің нақты нәтижесін көріп отырмыз – оқушыларымыз әлемнің ТОП-10 университеттеріне түсті. Бағдарламаны одан әрі жетілдіруді жалғастырамыз», — деді Shoqan School-дың құрылтайшысы Әсел Тасмағамбетова.
2025 жылдың төртінші тоқсанында Shoqan School 6–7-сынып оқушыларына арналған дараланған білім беру бағдарламаларын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Shoqan School-дың менторлық бағдарламасы тек үздік университеттерге жол ашып қана қоймай, еліміздің болашағына оң ықпал ететін жаңа буын интеллектуалды көшбасшыларын тәрбиелеуді мақсат етеді. Shoqan School 2020 жылы ашылғалы бері оның негізін қалаушылар дарынды оқушыларға 173 миллион теңгеден астам стипендия төлеп, қолдау көрсетіп келеді. Сонымен бірге, мектеп түлектері әлемнің ТОП-10 жоғары оқу орнына түскен жағдайда, оқу ақысын мектеп құрылтайшылары өз қаражаттарынан толықтай өтейді.
Осы мақсатта 2023 жылы Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Менторлық бағдарлама – Shoqan School бағдарламасы іске қосылды.
Бағдарлама дарынды оқушыларды терең әрі жеке академиялық даярлықтан өткізуге бағытталған. Қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтіп, тек ең үздіктер ғана таңдалып алынады.
Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова бұл жобаны қазақстандық мектеп оқушыларына әлемдік деңгейдегі білім алуға мүмкіндік беру, әрі кейін ел дамуына өз үлесін қосатын көшбасшыларды қалыптастыру мақсатында әзірлеген.
Бағдарламаға қатысушылар:
• SAT және TOEFL емтихандарына дайындалады;
• Эссе жазу, резюме мен портфолио әзірлеу бойынша жеке менторлармен жұмыс істейді;
• Brown University, MIT және Harvard секілді университеттердің жазғы бағдарламаларына қатысып, академиялық жазу дағдыларын меңгереді.
Бағдарламаның маңызды кезеңдерінің бірі – Гарвард университетіндегі 8 апталық жазғы мектепке қатысу. Бұл бағдарламаның барлық шығындарын Shoqan School негізін қалаушылар өздері өтейді.
Бағдарламаның финалдық кезеңінде әрбір оқушы әлемнің 20 үздік университетіне құжат тапсырып, 6–8 ментордан құралған арнайы командамен жұмыс істейді. Олар идеяларды дамыту, эссе жазу және сұхбаттарға дайындалу бағытында қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, жеке SAT дайындық, тағылымдамалар және кеңес беру қызметтері ұсынылады.
Shoqan School бағдарламаны Ұлыбританиядағы Luminary Education білім беру консалтинг агенттігімен бірлесіп жүзеге асыруда. Shoqan School құрылған сәтінен бастап оқушылардың қабілеті, мақсаты және талантына негізделген жекелендірілген білім беру ортасын құрып келеді.
«Білім беруді жекелендіру – әр баланың ерекшелігіне бейімделген тиімді тәсіл. Екі жыл бұрын біз бұл жүйені Shoqan School-да сынақ ретінде енгіздік. Нәтижесінде – біздің оқушылар әлемнің ТОП-10 университеттеріне түсті. Біз бағдарламаны жетілдіруді жалғастырып, алдағы уақытта да шабыттандыратын жетістіктерге жетеміз деген сенімдеміз», – деді Әсел Тасмағамбетова.
2025 жылдың төртінші тоқсанында Shoqan School 6–7-сынып оқушыларына арналған жекелендірілген бағдарламаларды кеңейтуді жоспарлап отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.