Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты құтқарушылар үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 8 сәуірде кей уақыттарда найзағай және тұман күтілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты, елордалық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан ауа райы жағдайларын ескеруді және қала бойынша жүру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.