Алкоголь, табак өнімдеріне акциздер және некені бұзуға қатысты мемлекеттік баж ұлғайтылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алкоголь мен темекі өнімдеріне, сондай-ақ құрамында қыздырылған темекі бар өнімдерге акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отыр. Энергетикалық сусындар мен құрамында транс майлары бар өнімдерге акциз мөлшерлемесі енгізіледі.
Сонымен, І, ІІ немесе ІІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшін әлеуметтік салық шегерімін 5 мың АЕК мөлшеріне дейін, ал некені бұзу туралы соттарға талап қоюлардан мемлекеттік баж мөлшерлемесін 5 АЕК-ке дейін көбейту ұсынылып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.