"Жобада ұсынылған осы норма сақталды. Егер автокөлік 20 жылдан астам уақыт пайдаланылып келсе, салықтың жартысын төлейді. Ал 10 жылдан асқан автокөліктерге салық 30 пайызға азаяды", – деді Ержан Біржанов.
Бұл тұрғыда ол қазір елді мекендер мен шалғай ауылдарда ескі көліктер көп екенін айтты.
"Осы тұрғындардың салық жүктемесін жеңілдету үшін мұндай нормаларды енгізіп отырмыз. Бұл норма қозғалтқыш көлемі үлкен немесе шағын көліктердің барлығына қатысты. Жол талғамайтын көліктер де қамтылады, яғни 20 жылдан асса, 50 пайызын төлейді", – деді вице-министр.
Еске салсақ, бүгін Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.